Өңірлер

ОҚО-да көлікті егесімен бірге өртеп жіберген қаскүнем сотталды

Бір отбасын қан жылатқан қылмыскер 20 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізеді
Sputnik

АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында көлікті егесімен бірге өртеп, бір отбасыны қан жылатқан азамат сотты болды. 28 жасар Нарман Сүлейменовке ҚР ҚК 3-бабымен айып тағылып, 20 жылға абақтыға жабылды. Мұндай шешім ОҚО Қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды, деп хабарлады TVK арнасы.

ОҚО-да жоғалып кеткен ауыл тұрғыны өз көлігінің жүксалғышынан табылды

28 жасар Нарман Сүлейменов бұрын сотты болған. Ол 2009 жылы тонау бабымен абақтыға жабылып, жазасын 2013 жылы өтеп шыққан. Алайда, соттылығы әлі күнге жойылмаған еді. Ал бүгін кісі өлтіру, бөтеннің мүлкін жойып, қарақшылық жасағаны үшін айыпталып отыр. Оған осы баптармен 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы сотқа дейінгі тергеу барысында өз кінәсін толық мойындаған. Алайда сот процесі басталысымен-ақ өз жауабын өзгерте бастапты. Айтуынша, өзіне құқық қорғау қызметкерлерінен қысым көрсетілген. Сол себепті барлық кінәні өз мойнына алған. Сондықтан процес барысында екі рет сот медициналық сараптама тағайындалып, сотталушының сөзі расталмаған.

Өзбекстанда қаскөйлер кәсіпкерді тірідей өртеп жіберді

Ал, жәбірленушінің туыстары судьяның тағайындаған жазасымен келіссе де, сотталушы кешірімге лайық емес деп санайды. Тіпті, сот залында шу шығарып, ашуға беріліп жатты.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай үстіміздегі жылдың ақпан айында Түлкібас ауданында болған. Нақтырақ айтар болсақ, 5 ақпан күні айыпталушы Сүлейменов жәбірленушіге 5 миллион теңгеге жүк көлігін сатпақ болады. Мұнан соң оны алдап соғып, өзінің көлігімен Рысқұлов ауылы Құлан өзенінің жанына апарып, сыбайласымен бірге қылқындырып өлтірген. Қылмысын жасырмақ болған олар, мәйітті көлікпен бірге өртеген. Алайда қылмыскердің бірі көп ұзамай қолға түскен болатын. Ал, сыбайласы әлі күнге іздестіріліп жатыр.