Өңірлер

ШҚО-да іссапармен жүрген жігіт қапыда қаза тапты

Сүңгуірлер суға батып кеткен өскемендіктің мәйітін келесі күні іздеуге кіріскен
Sputnik

АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына іссапармен келген өскемендік суға батып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс. 

Алматы облысында тау шатқалында ресейлік турист қаза тапты

Өскеменнің 33 жастағы тұрғыны Жарма ауданының Әуезов кентінде іссапарда жүрген. 8 маусым күні ол түскі ас кезінде бірнеше адаммен бірге кенттен жарты шақырымда жатқан жасанды тоғанға шомылуға барады. Қайғылы оқиға осы кезде болған.

"Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтауда. Шомылуға барған адамдардың барлығы ішімдік ішкені анық. Жасанды тоған шомылуға арналмаған", — делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратында.

Сүңгуірлер оқиға орнына келесі күні жетіп, 1,5 сағаттың ішінде мүрдені тапқан.

Шомылу маусымы басталғалы бері Шығыс Қазақстанда осымен бесінші адам судан ажал тапты. Оның біреуі — бала.