Өңірлер

Алматы облысында тау шатқалында ресейлік турист қаза тапты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоТаулар
Таулар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейліктер тау шатқалына баратындарын арнайы инстанцияға хабарламаған

АСТАНА, 11 маусым — Sputnik. Қазақстандық құтқарушылар Алматы облысында тау шатқалында қалып қойған ресейлік туристерді шығарып алуда, деп хабарлады Қазақстан ТЖ жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

туристі қауіпсіз жерге көшіру - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы тауларында "денсаулық соқпағында" екі турист қыз жарақат алды

Алматы облысындағы тауларға сегіз турист барған  — бәрі Ресей азаматтары. Таудағы Ақсу өзенінен өтерде туристердің бірі өзенге құлап, батып кеткен. Қайғылы оқиға Талдықорғаннан 120 шақырым қашықтықта болыпты. Қазір құтқарушылар туристерді шатқалдан шығарып алып жатыр.

Хабар 10 маусымда кешкі сағат сегізден кейін түскен. Құтқарушылар оқиға орнына бірден аттанып, Ақсу ауданына түн ортасында жетті.

Туристер Алматы облысы жедел құтқару жасағында ресми тіркеуден өтпепті.

Жаңалықтар
0