АСТАНА, 11 маусым — Sputnik. Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жүрген қылмыскер қашып кеткен.
25 жастағы сотталған азамат 6 маусымда еркін жүріп-тұру мүмкіндігін пайдаланып, жұмыс орнынан кетіп қалған.
"Алау" басылымына облыстық қылмыстық-атқарушы жүйе департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел іздеу шаралары барысында қылмыскер 10 маусымда кешкі сағат 8 кезінде ұсталыпты.
Сотталған ер адамды жазасын әрі қарай өтеу үшін УК-161/11 колониясына жеткізді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталды, соған сәйкес жазасына тағы екі жыл қосылуы ықтимал.