Саясат

Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің СІМ басшылары отырысы басталды

Күн тәртібінде халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселесі, ҰҚШҰ-ның бітімгершілік бағыты талқыланады
Sputnik

АЛМАТЫ, 11 маусым — Sputnik. Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елбасы мен Хачатуров ҰҚШҰ дамуын талқылады

Кезекті отырысқа Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов төрағалық етуде. Отырысқа ҰҚШҰ бас хатшысы Юрий Хачатуров қатысады.

Ресей СІМ сайтында хабарланғандай, күн тәртібіне 12 мәселе кіреді.

Министрлер Ұйым аясындағы сыртқы саясат бағыттарын, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқыламақ. ҰҚШҰ-ға мүше елдердің СІМ басшыларының "ОШҚЗ туралы келісім төңірегіндегі мәселе туралы" (Орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісім) мәлімдемесін қабылдау жоспарланған. Оның жобасын Ресей тарапы әзірледі.

Сонымен бірге, министрлер ҰҚШҰ-ның бітімгершілік бағытын да қарастырады.