АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Ақордада Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Юрий Хачатуровпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі және ұйымды одан әрі институционалдық дамыту үдерісінің басты аспектілері талқыланды.
Сондай-ақ, әңгіме барысында биылғы күзде Минск қаласында өткізу жоспарланып отырған ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық мәселелері қарастырылды.