Спорт

Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралмақ

Спортшы ашық баспасөз мәслихатын өткізіп, жоспарымен бөлісті
Sputnik

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин допинг сынамасы үшін екі жылдық дисквалификациядан соң үлкен спортқа қайта оралады.

Илья Ильин неліктен спорттан өмір бойына шеттетілмегені белгілі болды

Төрт дүркін әлем чемпионы әрі еңбек сіңірген спорт шебері Ильин дүйсенбі күні баспасөз мәслихатын өткізіп, шешімі жайында толығырақ айтып береді, деп хабарлады Астанадағы орталық коммуникациялар қызметі.

30 жастағы Илья бұдан бұрын айтқандай, 32 жасына дейін ауыр атлетикамен айналыспақ әрі бұл мақсатынан бас тартқан емес.

Допинг-сынамасы қайта тексеріліп, оң нәтиже берген соң Ильин Бейжің-2008 және Лондон-2012 алтын медальдерінен айырылған болатын.