Өңірлер

Семейде қоғамдық көлікте киімін жыртып алған әйел сотқа шағым түсірді

Тараптар дауды медиация тәртібінде реттеді, жүргізуші жолаушыға 20 мың теңге төлеуге міндеттелді
Sputnik

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Семей қалалық соты материалды залалды өтеу туралы азаматтық істі қарады, деп жазды altaynews.kz. 

Қоғамдық көлікте енді ер адамдар аяқтарын жинап отыруы тиіс

Талапкер автобус паркі мен оның жүргізушісінің үстінен арыз түсіріп отыр. Анықталғандай, ол автобуста жолаушы орындығынан шығып  қалған темірге сырт киімін жыртып алыпты. Келтірілген залалды өтеп беруді талап еткені үшін жолаушы әйелге жүргізуші мен кондуктор дөрекілік танытып, автобустан шығарып жіберген.

Алдын ала тыңдау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеп алды. Шарт бойынша жүргізуші жолаушыға 20 000 теңге төлеуге міндеттелді, ал талапкер өзінің талап арызынан бас тартуға келісті.  Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.