АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Испания астанасы Мадридтің көлік басқармасы ер адамдарға қоғамдық көлікте аяғын алшақ қойып, жайылып отыруға тыйым салады, деп жазады The Local басылымы.
Муниципалды көлік компаниясы жариялағандай, жаңа ережелер мен ақпараттық хабарландырулар барлық пойыздарда, метро мен автобустарда енгізілетін болды. Науқанның басты ұраны — "Өзгелерді құрметте".
Осылайша, Мадрид Нью-Йорк сияқты ірі қалалардың соңынан ілесіп, осындай ереже енгізуге шешім қабылдады.
Esta es la señal de los autobuses de la @EMTmadrid para respetar el espacio de los demás y evitar el #manspreading. https://t.co/dnqdMycgaO pic.twitter.com/Xwcx3bx8DG
— Ayuntamiento Madrid (@MADRID) 7 июня 2017 г.