Өңірлер

Қостанайда ер адам емхананың егу кабинетінде көз жұмды

Марқұмның туыстарының медициналық мекемеге ешқандай шағымы жоқ
Sputnik

ҚОСТАНАЙ, 7 маусым — Sputnik. Қостанайда емханаға келген ер адам көз жұмды, деп хабарлады "Костанайские новости". 

Астананың тергеу абақтысында ер адам көз жұмды

Куәгерлердің сөзінше, оқиға №2 қалалық емханада болған. Ақпаратты мекеменің бас дәрігері Қарлығы Омарова растады.  

Оның айтуынша, ер адам егу кабинетіне келген – науқасқа дәрі егілген.  

"Медицина қызметкері дәрі еккен, ол кетейін деп жатқанда өңі бозарып шыға келген, біз "жедел жәрдем" шақырдық, өзіміз де қолдан келгенше көмек көрсеттік. Бекітілген ереже бойынша жұмыс істедік. Өкінішке қарай, ер адам көз жұмды. Өлімнің себебі — тромбоэмболия", — деп хабарлады Қарлыға Омарова.

Бас дәрігердің мәліметінше, марқұмның туыстары дәрігерлермен сөйлесіп, емханаға ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан.