Қоғам

Астананың тергеу абақтысында ер адам көз жұмды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТүрменің архивтегі фотосы
Түрменің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қамауға алынған адам өкпе жеткіліксіздігінен зардап шеккен, дегенмен өлімнің нақты себебі белгісіз

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. ҚР ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің елордалық департаменті Sputnik Қазақстанға Астананың тергеу абақтысында ер адам қаза болғанын растады.  

Жасөспірімнің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент ОҚО-да зорланған баланың ісі неге ұзаққа созылып кеткенін айтты

Ведомствоның мәліметінше, ер адам 26 мамыр күні ЕЦ-166/1 тергеу абақтысында кенеттен көз жұмған.  

"Тұтқынға алынған адам өкпе жеткіліксіздігінен зардап шеккен, оны медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қаланың прокуратурасы мен тиісті органдарға хабар берілді", — деп хабарлады Астананың қылмыстық атқару жүйесі департаменті.

Қамаудағы адамның неден қаза болғаны анықталады.  


Жаңалықтар
0