Өңірлер

Алматы облысында мешіттен ақша салынған сейф ұрланды

Белгісіз біреулер 400 мың теңгені тонап кеткен, сейфте құжаттар да болыпты
Sputnik

АЛМАТЫ, 7 маусым — Sputnik. Алматы облысында мешіттен ақша салынған сейф ұрланды, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігі ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Рамазан айында мешіттен садақа қорабы ұрланды

Оның мәліметінше, кеше түнде Алматы облысы Кербұлақ ауданы ІІБ-не  орталық мешіт имамы шағым түсірген. Белгісіз біреулер мешіттен 400 мың теңге мен құжаттар салынған сейфті ұрлап кетіпті.

Іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге, Алматы облысында Қылмыстық кодекстің "бопасалау" бабы бойынша мемлекетаралық іздеуде болған екінші күдікті ұсталды. Одан сегіз оғы бар Макаров тапаншасы алынған.