Өңірлер

Рамазан айында мешіттен садақа қорабы ұрланды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуМешіт
Мешіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мешітке келушілердің бірі қабырғада орнатылған қораптың орнын видеоға түсірген

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Алматы облысында ауыл мешітінен садақа қорабын ұрлап кеткендерді полиция іздеп жатыр.

Қырбалтабай ауылының мешітіне келушілердің бірі қорап ұрланғаннан кейін түсірген видео Желіде тарап кетті. Видео авторы ұрлықтың барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында жасалғанына наразы.

Алматы облысы ІІД ұрлық жасалғанын растады.

"Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды. Тиісті арыз қабылданған. Қазір қылмыстық іздеу бойынша жедел қызметкерлер осы ұрлыққа қатысы бар адамдарды анықтап, ұстау мақсатында шаралар атқарып жатыр. Қоғам назарына іліккен деректі облыстық департамент ерекше бақылауына алды", — деп атап өтті Алматы облысы ІІД ДВД Көбейхан Нұрахмет.

Еңбекшіқазақ ауданы полициясы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0