Ресей, Германия және АҚШ азаматтары Байқоңырдан ғарышқа сапар шекті

Үш адамнан тұратын экипаж ғарышта 180 күннен астам болып, 55 ғылыми тәжірибе жүргізеді
Sputnik

БАЙҚОҢЫР, 6 маусым — Sputnik. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан халықаралық экипаж мінген "Союз МС-09" көліктік кемесі бар "Союз-ФГ" зымыраны ұшырылды, деп хабарлады қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Ресейлік ғарышкерлер Қазақстанға ғарыштан құттықтау жолдады

Зымыран Астана уақытымен 17:12-де сәтті түрде штаттық режимде ұшырылған. 

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ұзақ экспедицияға жаңа экипажды жеткізеді. Экипаж станцияда 187 күн болмақ.

Экипаждың негізгі құрамында: кеме командирі, "Роскосмос" ғарышкері Сергей Прокопьев, бортинженер, "ЕКА" ғарышкері, неміс Александр Герст және "NASA" ғарышкері, америкалық бортинженер Сирина Ауньон-Ченселлориз.

Экспедиция барысында жүк кемелермен жұмыс жүргізіліп, ғарышкерлер ашық ғарышқа шығады, Халықаралық ғарыш станциясының борттық жүйелеріне қызмет көрсетіліп, фото және видео түсірілімдер жүргізіліп, 55 ғылыми тәжірибе орындалады.