Спорт

Зиданның "Реалдан" не себепті кеткені анықталды

Зидан клуб президентінен Эден Азарды сатып алуды сұраған. Оған басшылық келіспеген
Sputnik

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Зиннедин Зиданның "Реалдың" бас бапкері қызметінен кетуіне клуб президенті Переспен келіспеушілігі себеп болған, деп хабарлады prosports.kz.

Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет ұтқан Зинедин Зидан қызметінен босады

Зидан клуб президенті Флорентино Перестен Эден Азарды сатып алуды сұраған. Оған басшылық келіспеген. Керісінше "Манчестер Юнайтед" қақпашысы Давид Де Хеаны сатып алғысы келетіндерін айтқан. Ал Зидан қазіргі қақпашы Кейлор Навасты ешкіммен алмастырғысы келмепті.

Айта кетейік, франциялық маман испаниялық клубпен Чемпиондар лигасында үш жыл қатарынан топ жарды. 

Matchtv.ru хабарлағандай, Зиннедин Зиданның орнына қазіргі таңда "Тоттенхэмді" жаттықтырып жүрген аргентиналық маман Маурисио Почеттино келуі мүмкін.