Қоғам

Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі

Инфекцияның берілу жолы – ауалы-тамшылы, яғни жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады
Sputnik

АСТАНА, 4 маусым — Sputnik. ҚР денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясының алдын алу және оның алғашқы белгілері жөніндегі жадынамаларды таратты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Карантин жариялау үшін қанша адам менингитпен ауыруы керек? Біртановтың жауабы

Менингококк инфекциясы – ауруды белгісіз тасымалдаушы, назофарингит (мұрын мен жұтқаншақтың қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанның зарарлануы) секілді түрлі клиникалық белгілері бар жіті жұқпалы ауру.

Инфекцияның берілу жолы – ауалы-тамшылы, яғни жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады.

Белгілері: бастың қатты ауруы, шөлдеу, құсу, дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бозару, тәбеттің төмендеуі, бөртпе, әлсіздік, арқа және аяқ-қолдардың ауруы.

Аурудың алдын алу үшін мынадай ережелерді сақтаған жөн:

— аурудың алғашқы белгілері (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауыруы, әлсіздік) пайда болған кезде дәрігерге көріну және басқа нұсқауларын орындау;

Біртанов менингит туралы: инфекция бізге бағынбайды

— түрлі мәдени-бұқаралық шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне баруды, ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке тазалықты сақтау;

— ғимараттарды жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;

— созылмалы инфекция ошақтары ЛОР ағзаларын тазалау;

— тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;

— тоңудан, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен аулақ болу.