АСТАНА, 4 маусым — Sputnik. ҚР Энергетика министрлігі вице-министр Бақытжан Жақсалиевтің үй қамаққа алынуына қатысты түсініктеме берді.
"ҚР Энергетика министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми мәлімдемесіне сәйкес, вице-министр Б. Жақсалиевтің үй қамауына алынғандығы жөнінде жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде қолданылған қандай да бір нақты шара туралы ақпарат жоқ екенін хабарлайды", — деп жазылған хабарламада
Ведомствоның баспасөз қызметі министрлік елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар шеңберінде қызмет атқаратынын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы екенін жеткізген.
Министрлік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарды болдырмау мақсатында тұрақты негізде жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша қызметкерлерге арнап іс-шаралар өткізетіні айтылған.
"2017 жылдың қорытындысы бойынша министрлік қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталмағанын атап өту маңызды", — деп толықтырды ведомство.
Сондай-ақ энергетика министрлігі құзыретті органдардың шешімі белгілі болмайынша дәлелсіз қорытындылар шығармауға шақырды.
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев үй қамаққа алынғанын хабарлады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы энергетика вице-министрі Жақсалиевтің Щучье-Бурабай курортты аймағының көлін тазарту бойынша жұмыстарды қабылдау кезінде заңға қайшы әрекеттерін әшкереледі", — деді Жахин.