Қоғам

Энергетика вице-министрі Сәдібековтің үй қамауында ұстау мерзімі ұзартылды

Жазылу
Yandex newsTelegram
Ғани Сәдбіеков биыл 1 шілдеге дейін үй қамауында отырады

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Қазақстанның энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековтің үй қамауында ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"2018 жылдың 21 сәуіріндегі №2 Алматы аудандық сотының қаулысы бойынша Ғани Сәдібековтің үй қамауында ұстау мерзімі 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды", — деп сот Sputnik Қазақстанға мәлімет берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ғани Сәдібековті 2 наурызда ұстаған болатын. Жемқорлыққа қарсы ведомство мәліметінше, ол мердігер ұйым "Аймақ" ЖШС басшысы Д. Дуанбекпен сыбайласып, Щучинск-Бурабай демалыс зонасындағы көлдерді тазартуға бөлінген қаражатты аса ірі көлемде қымқырған.

Болжам бойынша, қылмыстық схемаға Энергетика министрлігі департаменті басшысы Жан Нұрбеков пен мердігердің өкілдері Жұмалинов С. және Кәдірберлин Б. қатысқан.

Сонымен бірге, Сәдібеков қол қойған жалған актілер бойынша энергетика министрлігі 2017 жылы атқарылған жұмысқа 3,6 миллиард теңгеге артық қаржы төлеген.

Жаңалықтар
0