Әлем

Жоғалып кеткен 7 жасар қыз тоңазытқыштың ішінен өлі табылды

Кішкентай қыз бір аптадан кейін ескі тоңазытқыштың ішінен табылды
Sputnik

АСТАНА, 4 маусым — Sputnik. 29 мамырда жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі 3 маусымда көшедегі ескі тоңазытқыштың ішінен табылды, деп хабарлайды Ресейдің Кемерово облысының тергеу комитеті. 

Семейде тоңазытқыш ішінен 7 жасар баланың жансыз денесі табылды

Оқыс оқиға Белово қаласында болған. Сәбидің жоғалып кетуіне байланысты полиция "баланы өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. 

Полицияның болжамы бойынша, ойнап жүріп тоңазытқыштың ішіне кірген қыз кейін оның есігін аша алмайды. 

Дегенмен, тергеу оқиғаның мән-жайын толық анықтамақ.