АСТАНА, 4 маусым — Sputnik. 29 мамырда жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі 3 маусымда көшедегі ескі тоңазытқыштың ішінен табылды, деп хабарлайды Ресейдің Кемерово облысының тергеу комитеті.
Оқыс оқиға Белово қаласында болған. Сәбидің жоғалып кетуіне байланысты полиция "баланы өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Полицияның болжамы бойынша, ойнап жүріп тоңазытқыштың ішіне кірген қыз кейін оның есігін аша алмайды.
Дегенмен, тергеу оқиғаның мән-жайын толық анықтамақ.