Әлем

Ғалымдар ас содасының қатерлі ісіктен қалай құтқаратынын айтты

Ас содасы қышқылдықты қалыпқа келтіріп, ауру клеткалардың белсенділігін арттырады
Sputnik

АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Ас содасы химиотерапияның тиімділігін арттырып, қатерлі ісіктен құтқаруы мүмкін. Соданың пайдасын ракты зерттеу жөніндегі Людвиг институтының ғалымдары анықтаған, деп жазады РИА Новости

Мамандардың айтуынша, суда ерітілген соданы ішкен кезде, рак клеткалары химиялық емді белсенді қабылдай бастайды.

Елімізде қатерлі ісікті емдеудің заманауи әдісі алғаш рет қолданылды

Ісік ұлғайған кезде рак клеткаларының дені қантамырлар жүйесінен бөлініп, химиопрепараттардан "сақтанады". Оларға оттегі де бармайды, сол себепті олардың қышқылдығы артады. Ал мұны ас содасының көмегімен бейтараптандыруға болады, деген сенімде ғалымдар. 

Зерттеу барысында мамандар қышқылдығы жоғары, белсенділігі төмен ісік жарасын тышқандардың ағзасына орналастырған. Суға ас содасын қосып, кеміргіштерге ішкізе бастаған. Нәтижесінде қышқылдық қалыпқа келіп, ауру клеткалардың белсенділігі артқан. Осылайша, зерттеушілердің пікірінше, ісік химиялық емді жақсы қабылдайды. 

"Идея сондай қарапайым. Бұл жылына жүз мың долларға сатып алатын дәрі емес. Бар болғаны кәдімгі ас содасы", — дейді зерттеу авторы Чи Ван Дан.