АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа-рай құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл тұруы мүмкін, жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі, тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, тек батыста, және оңтүстік-батыста күн ашық, деп хабарлады Қазгидромет.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан асады деп болжануда, кей аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, желдің екпіні – 23-28 м/с.
Қостанай облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20, күндіз кей уақытта 15-20, желдің екпіні 23-28 м/с, кей аудандарында найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, жекелеген аудандарында найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей аудандарда найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысында кей жерлерінде жел 17-22 м/с болады, желдің екпіні 28 м/с дейін күшейеді, кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с жетеді, жекелеген аудандарында дауыл соғады деп болжануда, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с, жекелеген ауданында найзағай ойнайды, бұршақ болуы мүмкін.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с, күндіз жекелеген ауданында шаңды дауыл болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, жекелеген ауданында шаңды дауыл соғады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.