Қоғам

Қазақстанның басым аумағында бұршақ жауып, дауыл соғады

© Sputnik / Дмитрий Паршин / Медиабанкке өтуБұршақ, архивтегі фото
Бұршақ, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер Қазақстанда дауыл соғып, бұршақ, жаңбыр жауады, тұман түседі деп болжап отыр

АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа-рай құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл тұруы мүмкін, жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі, тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, тек батыста, және оңтүстік-батыста күн ашық, деп хабарлады Қазгидромет. 

Айнұр Қайынбаева - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптик: елімізде үсік жүреді

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз 15-20, кей жерлерде  23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан асады деп болжануда, кей аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. 

Ақмола  облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, желдің екпіні – 23-28 м/с.  

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20, күндіз кей уақытта 15-20, желдің екпіні 23-28 м/с, кей аудандарында найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.  

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, жекелеген аудандарында найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей аудандарда найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысында кей жерлерінде жел 17-22 м/с болады, желдің екпіні 28 м/с дейін күшейеді, кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с жетеді, жекелеген аудандарында дауыл соғады деп болжануда, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. 

ауа райы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазгидромет: күн 38 градусқа дейін ысиды

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с, жекелеген ауданында найзағай ойнайды, бұршақ болуы мүмкін. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, кей жерлерде  25 м/с,  күндіз жекелеген ауданында шаңды дауыл болады. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, жекелеген ауданында шаңды дауыл соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.


Жаңалықтар
0