АСТАНА, 2 маусым — Sputnik. Аризон университетінің (АҚШ) зерттеушілері ажырасудың ерте өлу тәуекелін арттыратынын анықтады, деп жазады Annals of Behavioral Medicine ғылыми журналы.
Ғалымдар 2002 жылдан бері 5,7 мыңнан аса адамның өмірін бақылаған. Сонымен қатар, олар Ұлыбританияда 50 жастан асқан адамдардың денсаулығына жүргізілген ұзақ мерзімді зерттеудің мәліметтерін де назарға алды.
Зерттеу кезінде ажырасып, екінші рет некелеспеген адамдарда өлу тәуекелі 46 процентті құраған.
Мамандардың болжамынша, ажырасқан адамдардың үйленгендерге қарағанда өмірге көңілі тола бермейді. Соның салдарынан олардың физикалық белсенділігі төмендеп, денсаулығына немқұрайлы қарайды. Осы және басқа да факторлар ерте өлудің себебі болуы мүмкін.