Қоғам

Ғалымдар ажырасудың өмірге қаупін анықтады

© Photo : pixabay/TakmeomeoАжырасу
Ажырасу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар 5,7 мыңнан астам адамның өмірін бақылағаннан кейін осындай қорытындыға келген

АСТАНА, 2 маусым — Sputnik. Аризон университетінің (АҚШ) зерттеушілері ажырасудың ерте өлу тәуекелін арттыратынын анықтады, деп жазады Annals of Behavioral Medicine ғылыми журналы.

Ғалым - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты

Ғалымдар 2002 жылдан бері 5,7 мыңнан аса адамның өмірін бақылаған. Сонымен қатар, олар Ұлыбританияда 50 жастан асқан адамдардың денсаулығына жүргізілген ұзақ мерзімді зерттеудің мәліметтерін де назарға алды. 

Зерттеу кезінде ажырасып, екінші рет некелеспеген адамдарда өлу тәуекелі 46 процентті құраған. 

Мамандардың болжамынша, ажырасқан адамдардың үйленгендерге қарағанда өмірге көңілі тола бермейді. Соның салдарынан олардың физикалық белсенділігі төмендеп, денсаулығына немқұрайлы қарайды. Осы және басқа да факторлар ерте өлудің себебі болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0