Оқиға

Астана саябағында бойжеткен аттракционнан құлап кетті

Балаларды қорғау күні саябақтағы аттракционның арқаны үзіліп кетті
Sputnik

АСТАНА, 2 маусым  –  Sputnik. Астанада орталық саябақтағы аттракциондардың бірінде жас қыз секірген кезде арқан үзіліп кетті.

Бірінші маусымда болған оқиға туралы қала тұрғындарының бірі жазған.

Астанада балалар ойнап жүрген батут аударылды - видео

"Орталық саябақтағы рогатка аттрационда жас қыз секірген кезде, арқан үзіліп кетіп, әуелі бойжеткен темірге соғылды да, әуеде салбырап қалды. Бәріміз шошып кеттік!", — деп хабаралды Олеся Крестьянинова Facebook желісіндегі "Астана — Что? Где? Когда?" тобында. 

Әйелдің айтуынша, аттракцион иелері қауіпсіздік техникасын сақтамайды, құлағанда соққыны жұмсартатын төсеніш те жоқ. Ол қала әкімдігінен осы мәселеге назар аударып, қалалық аттракциондарды тексеріп шығуды сұрады.