АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Астанада орталық саябақтағы аттракциондардың бірінде жас қыз секірген кезде арқан үзіліп кетті.
Бірінші маусымда болған оқиға туралы қала тұрғындарының бірі жазған.
"Орталық саябақтағы рогатка аттрационда жас қыз секірген кезде, арқан үзіліп кетіп, әуелі бойжеткен темірге соғылды да, әуеде салбырап қалды. Бәріміз шошып кеттік!", — деп хабаралды Олеся Крестьянинова Facebook желісіндегі "Астана — Что? Где? Когда?" тобында.
Әйелдің айтуынша, аттракцион иелері қауіпсіздік техникасын сақтамайды, құлағанда соққыны жұмсартатын төсеніш те жоқ. Ол қала әкімдігінен осы мәселеге назар аударып, қалалық аттракциондарды тексеріп шығуды сұрады.