Әлем

Қырғызстанда іздеу салынған депутат Нью-Йоркке ұшып кеткен

Аскарбек Шадиев Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлыққа бөлінген 2 миллион 61 мың сомды заңсыз иеленді деген күдікке ілінген
Sputnik

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) парламент депутаты Аскарбек Шадиевке іздеу жариялады, деп хабарлады centralasian.org.

Мекеме мәліметінше, оған қылмыстық іс қозғалардан бір күн бұрын, яғни 27 сәуірде Шадиев Баткен облысы Исфан қаласында тұратын туыстарына барып, сол жерден шекарадан Тәжікстанға қарай заңсыз өтіп кеткен.

Бас прокурор Еуропарламент депутаттарын шетелде қашып жүргендер туралы хабардар етті

28 сәуірде Шадиев "Худжант- Мәскеу" рейсімен Домодедово әуежайына жетіп, ол жерден дипломатиялық төлқұжатын пайдаланып Нью-Йоркке (АҚШ) ұшып кеткен.

31 мамырда Жогорку Кеңеш депутаты Аскарбек Шадиевке "Қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен қылмыстық іс қозғаған. Сол күні Бішкек Бірінші май аудандық соты оны қамауға алу туралы шешім шығарған.

Бірер күн бұрын Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаев Шадиев Қырғызстаннан шетел асып кете қойған жоқ деп мәлімдеген.

28 сәуір күні Бас прокуратура Аскарбек Шадиев парламент бюджетінен ТМД парламентаралық ассамблеясының Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлыққа бөлінген қаржының 2 миллион 61 мың сомын (30 мың доллар) заңсыз иеленді деп, Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша (қызметін асыра пайдалану) іс қозғалғанын мәлімдеген.