Саясат

Бас прокурор Еуропарламент депутаттарын шетелде қашып жүргендер туралы хабардар етті

© Photo : Бас прокуратураның баспасөз қызметіБас прокуратурада Еуропарламент делегациясымен кездесу өтті
Бас прокуратурада Еуропарламент делегациясымен кездесу өтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокуратурада Еуропарламент делегациясымен кездесу өтті

АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Бас прокуратура Еуропарламент депутаттарына шетелде қашып жүрген қазақстандықтар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайрат Қожамжаров - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қожамжаров: Әблязов пен Храпуновтар жауапкершіліктен құтыла алмайды

Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров "Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ" парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Ивета Григуле бастаған Еуропа парламентінің депутаттарымен кездесті.

"Кездесу барысында Еуропарламент депутаттарына Қазақстанның сот төрелігінен Еуропа елдерінде жасырынып жүрген бірқатартар тұлғалардың, соның ішінде Әбіләзов пен оның жақтастары, Храпуновтар отбасы, ағайынды Рысқалиевтер, Тайжанов және т.б. қылмыстық әрекеттері туралы баяндалды. Тараптар Әбіләзовтың қылмыстық әрекеттеріне және елдегі қоғамдық жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған амалдарын сынады", — деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

"Бас прокуратура – құқықтық мемлекеттің түп қазығы. Оған азаматтардың құқықтарын сақтау мен қорғауда бар жауапкершілік артылған", — деді Ивета Григуле.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде азаматтардың конституциялық құқығы, жеке өмірге қол сұқпау, сөз бостандығын қорғау мәселелері де талқыланған. 


Жаңалықтар
0