АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Францияның ашық чемпионатының екінші раундында қарсыласынан жеңіліп қалды.
Sports.kz басылымы жазғандай, әлемнің жиырмасыншысы ракеткасы –жапондық Наоми Осакиден ұтылған (4:6, 5:7).
Бұдан бұрын грунттық турнирдің ерлер кестесінде қазақстандық Михаил Кукушкин жарыстан шығып қалды.
Сәрсенбі күні "Үлкен шлем" турниріне отандасымыз Юлия Путинцева қатысады.
Зарина Дияс — қазақстандық кәсіпқой теннисші, жеке разрядта WTA турнирінде жеңімпаз атанған.