Қоғам

Жаздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

31 мамыр – 2 маусым аралығына арналған ауа-райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Жаздың алғашқы күндерінде Қазақстанда найзағай ойнап, жиі жаңбыр жауады, ауа-райы салқын болады, деп хабарлады "Қазгидромет".

Еліміздің жеті облысында дабылды ескерту жарияланды

Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркіреп, қатты екпінді жел соғады.

Ауа температурасы нормадан 1-3 градусқа төмен және оған жуық болады, ал орталық және шығыс облыстарда түнде кей жерлерде үсік жүреді деп болжанып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінде 30 мамыр күні дабылды ескерту жариялаған болатын.

Қостанай, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Ақмола облысында қатты жел соғып, күн күркірейді, бұршақ түсіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін.