АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Жаздың алғашқы күндерінде Қазақстанда найзағай ойнап, жиі жаңбыр жауады, ауа-райы салқын болады, деп хабарлады "Қазгидромет".
Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркіреп, қатты екпінді жел соғады.
Ауа температурасы нормадан 1-3 градусқа төмен және оған жуық болады, ал орталық және шығыс облыстарда түнде кей жерлерде үсік жүреді деп болжанып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінде 30 мамыр күні дабылды ескерту жариялаған болатын.
Қостанай, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Ақмола облысында қатты жел соғып, күн күркірейді, бұршақ түсіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін.