Өңірлер

Ақтөбеде ұйқы бермеген көршісін өлтірген әйел сотталмайтын болды

28 жастағы әйел күзеті күшті психоневрологиялық диспансерде еркінен тыс емделеді
Sputnik

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik.  Ақтөбеде палатасындағы көршісін буындырып өлтірген Марина Солдатоваға қатысты сот ісі тоқтатылды. Себебі, ақыл-есі кем науқасты түрмеге қамағанмен түзелмейді, деп хабарлады КТК.

Ақыл-есі кем қыз терроризмді насихаттап үндеу тастаған

Енді 28 жастағы әйел күзеті күшті психоневрологиялық диспансерде еркінен тыс емделетін болды. Соттың шығарған шешімі – осы. Ал оның қолынан қаза тапқан Жазираның туыстары бұл шешіммен келіскенімен, диспансер қызметкерлерінің жазаланғанын қалап отыр. Өйткені, олар ақыл-есі кем адамдарға арналған үйде керуертке таңылған науқасты аяқ-қолы сау адаммен бір палатаға жатқызғанын түсінбейді. Сондай-ақ, мамандар жөндеп бақылағанда мұндай қайғылы оқиға болмас еді дегенді айтады. 

Әйтсе де, жындыхана қызметкерлерін жазалау үшін алдымен сотқа бөлек шағым түсіруі керек екен. 

Айта кетелік, Марина Солдатова ыңырсып ұйқысын қашырған көршісін алдымен соққыға жыққан. Одан соң ауызына шүберек тығып, қылқындырып өлтірді.