Қоғам

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов тағы сотқа арыз берді

Ахметов 15 мамырда Қазыбек би аудандық сотына жазасын жеңілдету туралы өтініш берген
Sputnik

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Жемқорлық қылмысы үшін сотталған Қазақстанның бұрынғы үкімет басшысы Серік Ахметов тағы да сотқа арызданды.

Серік Ахметов түрмеден босап шықты

Қарағанды облыстық соты хабарлағандай, экс-премьер-министр Серік Ахметов 15 мамырда Қазыбек би аудандық сотына жазасын жеңілдету туралы өтініш берді.

Еліміздің бұрынғы үкімет басшысы соттан бостандығын шектеу туралы жазаны айыппұлмен алмастыруды сұраған екен.

"Бірақ 23 мамырда ол бұл өтінішін қайтып алуға арыз жазды. Осы арызына байланысты сотталған азаматтың өтініші сотта қаралған жоқ. 24 мамырла судья тиісті қаулы шығарды", — деп хабарлайды соттың баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жітікова Sputnik Қазақстанға.

Өтініштің не себепті қайтып алынғаны белгісіз.