АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы колониядан босап шықты. Ол жемқорлық қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан болатын, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.
"21 қыркүйек 2017 жылы Қазақстан үкіметінің бұрынғы басшысы Серік Ахметов "бостандығын айыру жазасының шектеу жазасына алмастырылуына байланысты" бостандыққа шықты", — деп хабарлады агенттік тілшісі.
"Баршаңызға ниеттеріңіз үшін рахмет. Үйіме барып демаламын", — деді Ахметов түрмеден шыққанда.