АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Астанада Есіл өзенінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Жаңа туған қыздың денесі 24 мамырда 14.00 кезінде көпір маңында Мақатаев көшесі бойындағы жағалау жақтан табылған.
"Астана ішкі істер департаменті Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша (Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі) тергеуді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалған", — делінген қаланың ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.
Полицейлер қазір қыздың анасының кім екенін анықтап жатыр.