Өңірлер

Шығыс Қазақстанда малшыға найзағай түсті

Қазір зардап шеккен малшы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр
Sputnik

АСТАНА, 27 мамыр — Sputnik. Шығыс Қазақстанда найзағай түскен малшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды altaynews.kz. 

Ағаш түбінде пикник жасаған оқушыларға найзағай түсті

Оқиға кеше күндіз Бородулиха ауданындағы Зенковка ауылында болды. 48 жастағы ер адам мал жайып жүргенде ауа райы күрт бұзылған.

Жарқ еткен найзағайдан ер адамның сол жақ аяғы мен мойнына жай түсіп, күйіп қалды. Қазір зардап шеккен малшы аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.