АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Жантүршігерлік жол апаты Алматыда Гагарин және Қожабеков көшелері қиылысында болған, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Nissan GT-R Гагарин көшесімен қатты жылдамдықпен келе жатқан. LADA Priora да сол бағытта бара жатады. Жүргізуші басқа жолаққа ауысқысы келіп, бұрыла бергенде, терезеден Nissan GT-R көлігін көріп, шұғыл оңға бұрылады. Nissan GT-R қарама-қарсы қозғалыс жолағымен озбақ болып, бар жылдамдықпен LADA Priora көлігінің алдынғы жағына соғылады.
Қатты соққыдан LADA Priora жол үстінде екі рет шыр көбелек айналды. Nissan GT-R қарсы беттік қозғалыс жолағымен бара жатып, ағашқа соғылды да, аударылып, тағы 200 метрге ұшып кетті.
Жол апатынан екі адам зардап шеккен. Nissan GT-R көлігіндегі жолаушы әйел әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. LADA Priora көлігіндегі жолаушы әйел де зардап шекті. Жедел жәрдем көмек көрсеткен соң, ол ауруханаға жатудан бас тартты.