Оқиға

Алматыда жантүршігерлік жол апатында екі адам зардап шекті

© SputnikГагарин және Қожабеков көшелері қиылысында ірі жол апаты болды
Гагарин және Қожабеков көшелері қиылысында ірі жол апаты болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Жантүршігерлік жол апаты Алматыда Гагарин және Қожабеков көшелері қиылысында болған, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Nissan GT-R Гагарин көшесімен қатты жылдамдықпен келе жатқан. LADA Priora да сол бағытта бара жатады. Жүргізуші басқа жолаққа ауысқысы келіп, бұрыла бергенде, терезеден Nissan GT-R көлігін көріп, шұғыл оңға бұрылады. Nissan GT-R қарама-қарсы қозғалыс жолағымен озбақ болып, бар жылдамдықпен LADA Priora көлігінің алдынғы жағына соғылады.

© SputnikГагарин және Қожабеков көшелері қиылысында ірі жол апаты болды
Гагарин және Қожабеков көшелері қиылысында ірі жол апаты болды - Sputnik Қазақстан
1/3
Гагарин және Қожабеков көшелері қиылысында ірі жол апаты болды

2/3

3/3

Қатты соққыдан LADA Priora жол үстінде екі рет шыр көбелек айналды. Nissan GT-R қарсы беттік қозғалыс жолағымен бара жатып, ағашқа соғылды да, аударылып, тағы 200 метрге ұшып кетті.

Жол апатынан екі адам зардап шеккен. Nissan GT-R көлігіндегі жолаушы әйел әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. LADA Priora көлігіндегі жолаушы әйел де зардап шекті. Жедел жәрдем көмек көрсеткен соң, ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Жаңалықтар
0