Экономика

Павлодардың бұрынғы әкімі "Самұрық-Энергоны" басқарады

Бақытжан Жоламанов 2009-2011 жылдары Павлодар әкімі болған
Sputnik

АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Директорлар кеңесінің шешімімен Бақытжан Жоламанов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Есімов Самұрық-Энерго мен KEGOC басшыларын жазалады

Жаңа басшыны ұжымға Директорлар кеңесінің төрағасы Алик Айдарбаев таныстырды. Ол Алмасадам Майданұлының компания басшысы лауазымында жұмыс істеген кездегі сіңірген еңбегі мен жетістіктерін атап өтіп, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің атынан алғыс білдірді.   

Алмасадам Майданұлы басқарма төрағасы болып қызмет атқарған кезең ішінде "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы Қазақстандағы электр энергиясы саласының көшбасшысына айналды. 

Бақытжан Жоламанов 2009-2011 жылдары Павлодар әкімі болды, 2001 жылдан 2016 жылға дейін Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы қызметін атқарды. Соңғы жұмыс орны – "Продкорпорация" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.