АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма басшысы Ахметжан Есімов "Самұрық-Энерго" АҚ директорын қызметінен босатып, басқарма төрағасын бонустарынан айырды, сонымен бірге KEGOC АҚ басқарушы директорын жазалады.
"Қоржын компаниялар басшыларымен бас қосу кезінде Есімов "Самұрық-Энерго" АҚ экономика және қаржы бойынша басқарушы директоры Қайрат Мақсұтовты қызметінен босатып, "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қызметі барысында жіберген ағаттықтары үшін бонустарынан айырып, сөгіс жариялауға тапсырма берді. Сондай-ақ, KEGOC АҚ қаржы және есеп бойынша басқарушы директоры Айбек Болатбековты тәртіптік жауапкершілікке тартуға шешім шығарған", — делінген"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ қоғаммен байланыс бойынша департаментінің ресми хабарламасында.
Сонымен бірге, Есімов "Тау-Кен-Самұрық" АҚ басқармасының жаңа төрағасы Қанат Құдайбергеновті таныстырды. Бұрынғы басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетовтың келісім мерзімі аяқталған болатын.
Бұдан бөлек, қордың басқарма төрағасы IPO-ға шығу үшін жолаушылар айналымы, кірістер және таза пайда бойынша жоспарланған көрсеткіштерді қамтамасыз етуді, қоржын компаниялардағы трансформация бағдарламасын іске асыру бойынша жол карталарын бекітуді тапсырды.