АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. 24 мамырда KADEX-2018 көрмесі аумағында болған оқиғаға қатысты Астана ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Тергеу ҚР ҚК 306-бабы бойынша (қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет көрсету) жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті шаралар қолданылады", — деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі.
24 мамырда қатты желден ақпараттық стенд құлап, көрмеге келушіні басып қалды. Ер адамға алғашқы көмек дер кезінде көрсетілгенімен, ол ауруханада көз жұмған.