Оқиға

KADEX көрмесіндегі адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Рамиль СитдиковҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бейсенбіде қатты желден ақпараттық стенд құлап, көрмеге келушіні басып қалды

АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. 24 мамырда KADEX-2018 көрмесі аумағында болған оқиғаға қатысты Астана ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
KADEX көрмесіндегі қайғылы оқиға: ер адам ауруханада көз жұмды

"Тергеу ҚР ҚК 306-бабы бойынша (қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет көрсету) жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті шаралар қолданылады", — деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі.

24 мамырда қатты желден ақпараттық стенд құлап, көрмеге келушіні басып қалды. Ер адамға алғашқы көмек дер кезінде көрсетілгенімен, ол ауруханада көз жұмған.

Жаңалықтар
0