АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Семей қаласында су құбыры желілерін залалсыздандыруға байланысты екі күн ауыз суды қолдануға болмайтыны туралы ескертілді, деп жазды altaynews.kz.
"Семей су арнасы" МКК хабарлауынша, ертең сағат 23:00-ден 26 мамыр сағат 9:00-ға дейін қаланың оң және сол жағалауында су құбыры желілерін залалсыздандыру мен бір мезгілдік жуу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты суды қолдануға болмайды.
Мамандар қала тұрғындарынан, кәсіпорындар мен мекемелер басшылығынан тәуліктік су қорын дайындап алуды сұрайды.