Саясат

Сенат құпия ақпаратты жария еткендерді жазалау туралы ҰҚШҰ хаттамасын ратификациялады

Келісімге енгізілген түзетулер ҰҚШҰ құпиясын жария еткені үшін қандай тараптың жазалауға құқылы екенін нақтылайды
Sputnik

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Сенат Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) аясында құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс екі миллион адамның жалақысын көбейтетін заң жобасын мақұлдады

Бүкіл парламент сенатының депутаттары қабылдаған құжатта құпия ақпаратты таратқан тұлғаға қатысты юрисдикция нақтыланған. 

"Жаңа редакцияда құпия ақпаратты заңсыз таратқан тұлғаның анықтамасы айқын жазылған. Аталған тұлға қай мемлекеттің азаматты болса, сот жүргізу құқығы сол тарапта болады", — деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Өсіпов. 

Сонымен қатар, Марат Сапарұлы құпия ақпаратты заңсыз таратқандарға қандай жаза қарастырылғанын айтты. 

"Қазақстан заңнамасында да, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің заңында да құпия ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершлік қарастырылған. Бізде негізінен 185-бап пен 186-баптар. Яғни құпия ақпаратты жария ету, екіншісі де оны жоғалту. ҰҚШҰ елдерінде де осыған ұқсас баптар бар, бірақ санкциялары әртүрлі. Мәселен, Тәжікстанда құпия ақпаратты жария еткені үшін 10 жылға дейін, ал бізде ауыр жағдайларда сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", — деп нақтылады ол.