Экономика

Мәжіліс екі миллион адамның жалақысын көбейтетін заң жобасын мақұлдады

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
25 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жалақы алатын қазақстандықтар үшін табыс салығы он есеге қысқарады

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі түзетулердің жобасын екінші оқылымда мақұлдады. 

Теңге - Sputnik Қазақстан
Экономика
Жыл басынан бері қазақстандықтардың жалақысы 1,2%-ға өсті – министр

Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев аз жалақы алатын, атап айтқанда, айына 25 еселенген АЕК-тен (2018 жылы 60 125 теңге болды) аспайтын көлемде еңбекақы алатын қазақстандықтар үшін салықты төмендетуді ұсынған болатын. Олар үшін жеке табыс салығы он есе азайтылмақ. Салықтан босатылған қаржы сол азаматтардың жалақысын көбейтуге жұмсалады. Нәтижесінде екі миллионнан астам адамның жалақысы артады.      

 "Бұл норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді", — деп жазылған мәжілістің қорытындысында.  


Жаңалықтар
0