Өңірлер

Қостанай облысында 11 жасар қызды өлтірген адам ұсталды

Күдікті тәулік ішінде қолға түскен – ол қылмысын мойындады
Sputnik

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Қарасу ауданында 11 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Қостанайда мектеп оқушысы қыз үшін өзін өлтірді

Баланың денесі 21 мамырда Восток ауылында табылған. Полицейлер күдіктіні тәулік ішінде қолға түсірді. Қарасу ауылының 46 жастағы тұрғыны жасаған қылмысын мойындапты.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.