АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Өскеменде жоғалып кеткен 75 жастағы Надежды Козлова табылды, деп жазды ustinka.kz.
Зейнеткерді туған-туыстарымен бірге іздеген еріктілердің айтуынша, ол үйіне өзі оралған.
Әзірге оның қайда болғаны белгісіз. Еріктілерге зейнеткердің қызы хабарласып, анасының үйге келгенін айтыпты.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыда жоғалып кеткен баланың денесі табылған болатын.
Бес күн бойы іздестірілген бала Шаңырақ шағын ауданындағы жеке сектор маңында жуынды төгетін шұңқырға құлап кеткен.
Алдын ала деректер бойынша, бала тұншығып қалған. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ.