АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Алматыда жоғалып кеткен төрт жасар баланың денесі шұңқырдан табылды.
"Бес күн бойы іздестірілген баланың денесі Шаңырақ шағын ауданындағы жеке сектор маңында жуынды төгетін шұңқырдан табылды. Шұңқырдың тереңдігі, шамамен, 1,5-2 метр", — деп мәлімет берді Алматы ішкі істер департаменті.
Бастапқы деректер бойынша, бала тұншығып қалыпты. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ.
Төрт жасар Арсен Көмеков 17 мамырда жоғалып кеткен болатын. Оны іздеуге 100-ден астам полицей жұмылдырылды.