АСТАНА, 23 мамыр— Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Центрказэнергомонтаж" АҚ сатып алу қызметі жөніндегі бұрынғы төрағасы Еркін Әмірхановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.
"Әмірханов ҚР Қылмыстық кодексінің 253-бабы 6-бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылықты (коммерциялық мақсатта параға сатып алу) жасады деген күдікке ілінді", — деп жазылған ҰҚК хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, бизнесмен 5 мамырда ұсталған. Келесі күні Астана қаласы №2 Есіл аудандық соты Әмірхановты екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.
Еркін Әмірханов – 48жастағы бизнесмен. Forbes Қазақстан нұсқасы бойынша ең бай 50 қазақстандықтың қатарына кіреді. Басылымның мәліметінше, оның дәулеті 2017 жылдың мамырында 135 миллион долларға бағаланған.
"ЦАТЭК" АҚ дауыс беретін акцияларының 31%-ы Әмірхановқа тиесілі. "Эксимбанк Қазақстан"АҚ, "ЦАТЭК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, "Павлодарэнерго" АҚ, "СевКазЭнерго" АҚ, "АРЭК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.